Бас жаңалықтар
Әбдіқалықова «қалтадағы ХҚО-ның» мүмкіндіктеріне оң баға берді
28 Наурыз 2019, 17:53 451

Әбдіқалықова «қалтадағы ХҚО-ның» мүмкіндіктеріне оң баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету және цифрлық қызмет көрсету орталықтарында болып, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен және өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақмола облысы бойынша филиал директоры Бахытжан Ақанның айтуынша, аймақта 25 фронт-офис, оның ішінде мамандандырылған бөлім мен көші-қон қызметтерін көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері филиал 180 мың мемлекеттік қызмет көрсетті.

Цифрлы қызмет көрсету орталығында Премьер-министрдің орынбасарына Digital ХҚО-ның жұмысы баяндалды. Онда азаматтар өз бетінше "Connection point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы электрондық қызметтерді ала алады, сондай-ақ ұялы телефондарының көмегімен, атап айтқанда телеграмбот және mGov мобильдік қосымшалары арқылы анықтамалар алудың жаңа тәсілдерін үйренеді. Сонымен қатар мұнда көкшетаулықтардың цифрлық сауаттылық курсынан өтулеріне арналған арнайы сыныптар жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері Ақмола облысы бойынша 160 мыңнан астам азамат электрондық қызмет алды.

Айта кету керек, жұмыс сапары барысында Гүлшара Әбдіхалықова көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлу керек екенін нақтылап айтып, филиалдың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңес беру бөлігіндегі жұмысына оң бағасын берді.

 

Загрузка...

Сізден жаңалық