Бас жаңалықтар
Әбдіқалықова: Бұл - өзгермейтін қағида
28 Мамыр 2020, 22:12 201

Әбдіқалықова: Бұл - өзгермейтін қағида

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аудандарға жұмыс сапары Жаңақорғанмен қорытындыланды.

Өңір басшысы алдымен аудандағы Төменарық елді мекенінде салынатын ауылдық аурухана құрылысымен танысып, ардагерлер кеңесінің төрағасымен кездесті. Ақсақал облыс әкімінен ауылдық аурухананың құрылысын жылдам жүргізуге ықпал етуін сұрады.Ауылдық округтен бой көтеретін дәрігерлік амбулатория-аурухана 15 төсекке лайықталған.

Мұнан соң облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова "Орда Сығанақ" ЖШС-нің шипажай жұмысын көрді. Шипажайдың құрылыс жұмыстары 2017 жылы сәуір айында басталған және жаз маусымының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ашылған уақытта 60 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Жаңақорған ауданының әкімдігінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мәжіліс өтті.

Бүгін Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен танысу үшін аудан активімен кездесіп отырмын. Жалпы 4 айдың қорытындысымен ауданда өнеркәсіп өндірісі 1,3%, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп 8,5% артқан. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында да 4,3% өсім байқалады. Дегенмен, есепті кезеңде инвестиция көлемі 76,4 %, құрылыс жұмыстары 36,8 %, тұрғын үй құрылысы 98,6 % және бөлшек сауда айналымы 80,6 % төмендеген. Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы қажет. Бұл - өзгермейтін қағида. Ел экономикасын дамытудағы қабылданған шаралар мақсатты және нәтижелі болуы керек",- деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылы басталған Жаңақорған кентіндегі 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын тексерді. Аймақ басшысы білім ұясының құрылысын сапалы жүргізіп, жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Байкенже ауылдық округіндегі барлау, өндіру, уран шикізатын қайта өңдеуге бағытталған "Байкен-U" ЖШС-нің кәсіпорнына барды. Уранды ұңғылап шаймалау әдісі арқылы өндіретін зауыттың жылдық қуаттылығы - 1600 тонна. Бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Мұнан кейін, облыс әкімі Жаңарық елді мекеніндегі ауылдық клубтың күрделі жөндеу жұмысының барысын тексерді. Жөндеу жұмысына "Жұмыспен қамту жол картасы" (әрі қарай – мемлекеттік бағдарлама) мемлкекеттік бағдарлама аясында 116 млн 144 мың теңге қаражат бөлініп, 45 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сапар барысында Өзгент ауылдық округіндегі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шарасының жобасымен және №224 орта мектеп пен аудандағы орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Білім ұясын күрделі жөндеуден өткізу үшін 261 млн 118 мың теңге қаралып, жаңа 10 жұмыс орны ашылған. Оның 5 орны жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтарға арналған.

Мұнан кейін өңір басшысы Жаңақорған кентіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған спорт кешендерінің проблемалық мәселесімен танысты. Ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2018-2019 жылдар аралығында 4 нысан пайдалануға берілген. Олар: екі денешынықтыру-сауықтыру кешені мен екі дәрігерлік амбулатория. Сондай-ақ, 2020 жылы 10-нан астам нысан ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары мемлекеттік бағдарламалары арқылы жүзеге асырылатын Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде болды. Аудан әкімі С. Мақашов аудан көлемінде мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асатын жобалар, күрделі жөндеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу қажеттігін тапсырды.

Сапар барысында облыс әкімі Жаңақорған кентіндегі құрылысы жаңадан салынатын 300 орындық мектептің іргетасын қалау рәсіміне қатысып, Ақүйік ауылындағы балабақша салу және газдандыру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарды көрді. Қазіргі таңда №7 "Қызғалдақ" балабақшасының ғимараты тозығы жетіп, апаттық жағдайда.

90 орындық жаңа типтік бөбекжай құрылысының жоба-сметалық құжаттары 2018 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Облыс әкімі аталған балабақшаның құрылысын жаңа оқу жылына дейін аяқтап, тұрғындар игілгіне беруді жүктеді.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарының екінші күнінде "СКЗ-U" ЖШС-нің күкірт қышқылын шығару зауытына бардып, жұмысымен танысты. Зауыттың негізгі қызметі органикалық емес химикаттың заттектерін және электр энергиясын өндіру.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...