Бас жаңалықтар
Байзақтағы мектептер штаттық режимде жұмыс істеуде
03 Қыркүйек 2021, 05:20 119

Байзақтағы мектептер штаттық режимде жұмыс істеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарылыстан кейін зардап шеккен Байзақ ауданының ауылдарында қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің сайты.

Байзақ, Базарбай, Жаңатұрмыс, Көкбастау ауылдарында орналасқан мектептер толығымен қалпына келтіріліп, бірінші қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын болды.

Жібек жолы ауылындағы №5 мектеп ғимараты 1958 жылы салынған. Мұнда 115 бала оқиды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін кей жерлердің төбесі опырылып, қабырғалары, терезелері бүлінген. Ғимарат апатты жағдайда және күрделі жөндеуге жатпайды. Қазір 150 орындық жаңа ғимараттың құрылысына ЖСҚ дайындалуда. Жер телімі бөлінді, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

№5 мектеп оқушылары қазір Жібек жолы ауылынан 4 шақырым жерде орналасқан Жаңатұрмыс ауылындағы мектепке барады. Балаларды мектепке және мектептен үйге жеткізу үшін мектеп автобустары бөлінген. Қалған мектептер бүлінбеген және штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...