Байыров суда қаза болудың 80 пайызының себебін айтты

18 Мамыр 2021, 15:19
1131
Бөлісу:
Байыров суда қаза болудың 80 пайызының себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшысының орынбасары Есен Байыров әкімдікте өткен брифингте айтты.

Қазіргі статистика бойынша суда қаза болудың 80 пайызы азаматтардың мас күйінде шомылуына байланысты болады. Оған қоса, жабдықталмаған және тыйым салынбаған жерлерге шомылу да бар. Ыстық күндері жағажайларда демалушылар саны мың адамнан асып жатады. Сондықтан азаматтар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс, - деді ол.

Байыров айтқандай, елордада халықтың шомылатын 23 орны анықталып отыр.

Оның ішінде үшеуі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қаулысына сәйкес рұқсат етілген. 20 орынға тыйым салынған. 2020 жылы шомылу кезінде су айдындарында 5 адам қаза тапты. Соңғы 5 жылда өлім-жітім статистикасы 31 адамды құрайды. Оның ішінде 10 бала. Осы кезеңде құтқарушылар 41 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарды. Олардың каөбі судағы қауіпсіздікті сақтамаған, - деді Есен Байыров.

Оның айтуынша, жүргізілген талдау суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамауына, атап айтқанда тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде суға шомылуға, мас күйінде суға түсуге, сондай-ақ жүзе алмауға және өз күштерін дұрыс бағаламауға байланысты болғанын көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы