Бас жаңалықтар
Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының басшысы ауысты
01 Маусым 2020, 14:10 240

Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының басшысы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына жаңа басшы келді. Ол – филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан.

Ол Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы болған. Оған дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары қызметін атқарған.

Тіл білімі институтының бұрынғы директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен кетті.

Мен Анар Фазылжанмен көптен бері таныспын. Ең бастысы қазақ тіл білімінің ішкі мәселелеріне терең бойлаған мақалалары арқылы таныдым. Жеке таныстығым да қазақ тіліне байланысты болды. 2009 жылы "Қобыланды батыр" жырын жатқа оқу жобасын бастаған едік. Жыр арқылы қазақ тілін насихаттап, үйреткіміз келді. Сол кезде Анар Фазылжан бірден қолдау көрсетіп, біздің тренеріміз болды. Күні-түні жатпай жұмыс істеді. Сол кезде Анар Фазылжанның  қазақ тілінен соншалықты берілген ғалым, азамат екенін көрдім, – дейді мәдениеттанушы Земфира Ержан.







Фото: ашық дереккөз
Загрузка...