Байсуфинов ірі жеңіліске қатысты пікір білдірді

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов Франциямен өткен ойынға қатысты пікір білдірді. </p>

 14 Қараша 2021 2021, 17:29
14 Қараша 2021 2021, 17:29
1404

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов Франциямен өткен ойынға қатысты пікір білдірді.

Естеріңізге салайық, матч Париждегі «Парк де Пренс» стадионында өтті. Ойын Франция құрамасының пайдасына 8:0 есебімен аяқталған болатын.

Матч алдында футболшыларға қорықпай ойнау керегін айттым. Қайткен күнде де ойынды дамыту керек еді. Жеңіліске әрқашан бапкер жауап береді. Мұндайға дайын болмадық. Бұл кездесуден кейін командамыздың бұған дайын болмағанына көз жеткізуге болады. Таблодағы нәтижеден бәрін көруге болады. Басқа алып қосарым жоқ, - дейді Талғат Байсуфинов.
Наверх