Байқошқарова ЭКҰ әдісімен туған алғашқы қазақстандық дауына нүкте қойды

17 Қазан 2019, 19:00
4335
Бөлісу:
Байқошқарова ЭКҰ әдісімен туған алғашқы қазақстандық дауына нүкте қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Танымал эмбриолог-репродуктолог Салтанат Байқошқарова "Экомед" орталығында ЭКҰ әдісімен ең алғашқы қазақстандық дүниеге келгенін айтты.

БАҚ беттерінде 1997 жылы ЭКҰ әдісімен дүниеге келген алғашқы қазақстандық ана болды деген ақпарат тарады. Хабарламада дәрігер Людмила Бадельбаеваның 1996 жылы қыздың анасына репродуктивті медицина орталығында ұрықтандыру процедурасын жүргізгені айтылған.

Алайда, Байқошқарова бұл жаңалықты жоққа шығарып, алғашқы қыз "Экомед" шағын лабораториясында 1996 жылы 31 шілдеде өмірге келгенін айтты. Бұл әдісті сол кезде Байқошқарова мен гинеколог Татьяна Копылова жүргізген. 

"Кеше жиналыста отырған жерімнен неше түрлі хабарламалар келе бастады. Оларды оқуға үлгермеймін. ЭКО әдісімен дүниеге келген ең алғашқы қыздың анасы, біздің қызметкерлер жазып жатты. Не болды деп қарасам, алғашқы қыздың анасы былай деп жазыпты. Аты-жөнін айта алмаймын. "Қайырлы күн, қалыңыз қалай? Бүгін ЭКО әдісімен туған алғашқы қазақстандық қыз 15 қазанда дүниеге сәби әкелді деген мақаланы оқыдым. Людмила Бадельбаева осындай ақпарат таратты. Қызымыз босанған жоқ", - деп жазып жіберіпті. Таң қалғанымды айтып, жалған екенін мәлімдейміз дедім. Әріптесім Татьяна Копылова да байланысқа шықты. "Құрметті әріптестер, бұл жалған ақпарат. 1995 жылы Қазақстанда эмбриолог Салтанат Байқошқарова мен гинеколог Копылова Татьяна Копылова алғаш рет ЭКО бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқы бала – қыз. Әлі тұрмыс құрмаған. Жоспарында жоқ», - деді. Үлкен ұлым да мені құттықтап жазды. Жиналысты тоқтатып, не болып жатқанын түсіндім. Өзімді жайсыз сезіндім. Бұл күрес 25 жыл бұрын басталған еді", - деді Байқошқарова. 

Экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы дүниеге келген қыз 15 қазан күні табиғи жолмен дүниеге сәби әкелді деген жаңалық оны есеңгіреткен.

"Бұрынғы жараның аузы ашылғандай. Дауласқанды ұнатпаймын. Журналист те, дәрігер де әр сөзін абайлап қолдану керек. Жаңалықтың бұлай жеткеніне кім кінәлі, оны білмеймін. Мүмкін дәрігерлер осылай айтқан соң, журналистер солай жазған болар. Мүмкін журналистер дәрігерлерді дұрыс түсінбеді. Шындықты жазбағаны бізге тиіп кетті. Сонша хабарлама түскеннен кейін істеген еңбегіміз үшін ғана күресіп жатырмыз", - деді дәрігер.

Байқошқарова алғашқы қазақстандықты ата-анасымен 20 жасында көрген. Қазір қыз Англияда оқиды. Ал ЭКҰ әдісімен өмірге келген екінші бала – ұл. Ол туралы хабарсыз. 

Әлемде жасанды ұрықтандыру жолымен 8 млн бала дүниеге келсе, Қазақстанда 15 мыңнан астам бала дүниеге келген. 42 жыл бұрын әлемде алғаш рет ЭКҰ әдісімен туған Луиза Браунның өзі табиғи жолмен өмірге сәби әкелді.

Өзгелердің жаңалығы