Президен сайлауы – 2019. Халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу аяқталды

3 Маусым 2019, 18:37
1421
Бөлісу:
Президен сайлауы – 2019. Халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясына алдағы кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу жұмысы аяқталды. 

Бүгін аккредиттеудің соңғы күнінде Сыртқы істер министрлігінен ТМД-ның 11және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынының 2 байқаушысын аккредиттеуге ұсыныс түскен. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты.

"Сонымен қатар 7 мемлекеттен 33 байқаушы ұсынылып отыр. Олар: Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Палестина, Ресей Федерациясы, АҚШ, Грузия. Олардың ішінде Үндістан мен Ресейдің орталық сайлау органдары өкілдерінің бар екенін атап көрсеткен жөн. 46 байқаушының барлығы аккредиттеуге шығарылды. Шет мемлекеттер халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 2019 жылдың 12 сәуірінде басталды. Бүгін соңғы күн. Яғни, тіркеу жұмыстары аяқталды", – дейді Зәуреш Баймолдина.

Осылайша, ҚР президентінің сайлауын байқау үшін 1013 аккредиттелді. Оның ішінде 866 байқаушы 9 халықаралық ұйымнан және 147 байқаушы шет мемлекеттен.

"43 байқаушы шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарынан келеді. Сонымен қатар байқаушылардың қатарында 4 құрлықтың өкілдері бар екенін айта кеткен жөн. Алдағы сайлауда Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Азия елдерінің байқаушылары қызмет ететін болады", - дейді ОСК мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы