Байланыс кабелін ұрлаған теміртаулық ұсталды

24 Маусым 2021, 02:45
1019
Бөлісу:
Байланыс кабелін ұрлаған теміртаулық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байланыс кабелін ұрлаған теміртаулық ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

19 маусымда Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол белгісіз біреудің Қарағанды көшесінде орналасқан үйдің шатырынан байланыс кабелін ұрлады деп баяндады.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде  Теміртау қаласының ПБ полиция патрульдік батальоны күдікті ретінде 24 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, заттай дәлелдеме тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас қылмысты дәл сол күні жасағанын анықтады. Ол басқа көпқабатты үйдің шатырынан құны 82 мың теңгеге тұратын байланыс кабелін ұрлағанын мойындады.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы