Байқоңырда түнде қараусыз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды

13 Тамыз 2019, 17:15
2148
Бөлісу:
Байқоңырда түнде қараусыз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңыр қаласының прокуратурасы Ресейлік әріптестермен бірлесіп, қылмыстың алдын алу мақсатында бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

"Шара түнгі уақытта Байқоңыр қаласы және Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі аумағында жүргізілді. Бірлесіп құрылған топтар қала аумағындағы көпшілік жиналатын орындарда, сондай-ақ түнгі көңіл көтеру орындары да бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Шараның мақсаты қылмыстылықтың алдын алу, әсіресе кәмелетке толмағандар мен бұрын сотты болған тұлғалар жасайтын құқық бұзушылықтарды болдырмау.

Рейд шаралары барысында түнгі мезгілде қоғамдық орындарда ата-анасының бақылауынсыз жүрген кәмелетке толмаған бірнеше бала анықталды. Оларды ата-аналарына табыстап, профилақтикалық әңгімелесу жүргізілді.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, барлығы 38 профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Есепке алынған 5 кәмелетке толмағандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша болу, болмауына қатысты тексеріс жүргізілді. Алдағы уақытта осы тектес бірлескен шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы