Байқаушылар сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты

8 Қаңтар 2021, 18:57
1501
Бөлісу:
Байқаушылар сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қағамдық бірлестіктер мен кәсіподақтар бірлестігі өкілдерінің байқаушылары Петропавл қаласының аумағындағы сайлау учаскелеріне барып шықты.

Онда Қазақстанның Азаматтық альянсы, «Әйелдер күштерінің Альянсы» ҚБ, «СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ, «Рух. Тіл» ҚБ, өкілдері 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына учаскелердің дайындығымен танысты.

Облыста байқаушылармен үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Олардың әрқайсысы алдағы сайлау мәселелері бойынша оқытудан өтті. Оқыту «СҚО Азаматтық Альянсы» ЗТБ-де өткізілді.

Барлық бақылаушыларға әдістемелік материалдар (блокнот, бақылаушының жадынамасы, бақылаушының құқықтары мен міндеттері) берілді.

Бұл жұмыстың басты міндеті – дауыс беру, қорытынды шығару рәсімін қадағалаушылар институтын қалыптастыру, сайлау барысына азаматтық қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.


Өзгелердің жаңалығы