Байқаушылар ауыл әкімдерін сайлау қалай өткенін айтып берді

26 Шілде 2021, 11:02
2833
Бөлісу:
Байқаушылар ауыл әкімдерін сайлау қалай өткенін айтып берді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Сайлауды партиялық емес бақылау орталығы» аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды байқау қорытындылары бойынша брифинг өткізді.

Айта кетсек, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды байқау процесін қамтамасыз ету мақсатында сайлауды партиялық емес бақылау орталығы құрылды.

Орталық қызметінің негізгі бағыты - сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде бақылау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысу. Орталықтың филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан.

Орталық кеше өткен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды байқауға белсенді қатысты. Дауыс беру күні таңғы сағат 7.00-ден бастап орталықтың 2 000-нан астам байқаушысы республиканың барлық облыстарындағы ең шалғай сайлау учаскелерін қоса алғанда, 1845 сайлау учаскесінде дауыс беруді бақылауға қатысты, - деді орталықтың төрағасы Төлеген Күнәділов.

Оның сөзінше, өңірлердегі сайлауды бақылау бойынша партиялық емес бақылау орталығының жұмысына 95 ҮЕҰ серіктес тартылды.

«Сайлауды партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ жанында ахуалдық орталық жұмыс істеді, онда өңірлерден келіп түскен деректер өңделді және талданды. Өңірлік байқаушылар штабтарымен жедел байланыс тұрақты негізде сақталды және 14 облыста филиалдардың басшыларымен жұмысты үйлестіру жүргізілді. Барлық бақылаушылар учаскелерге қолданыстағы сайлау заңнамасына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына сәйкес жіберілді, - деп атап өтті байқаушы.

Сонымен қатар сайлау комиссияларының жұмысына шағымдар мен теріс пікірлер түскен жоқ, сайлау учаскелерінде елеулі бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Бұзушылықтарға қатысты, бұзушылықтардың басым бөлігі техникалық сипатта болғанын және жергілікті жерлердегі сайлау комиссияларының мүшелерімен жедел жойылғанын атап өткен жөн. Анықталған бұзушылықтардың ішінде жекелеген азаматтардың өз отбасы мүшелеріне дауыс беру әрекеттері, дауыс беру кабинасына екі адамнан кіру, кейбір азаматтардың куәландыратын құжатсыз бюллетень алуға ниеті, әлеуметтік қашықтықты сақтамаудың жекелеген фактілері бар, - деді Төлеген Күнәділов.

Ол орталық байқаушылары осындай 12 бұзушылықты тіркегенін айтты.

Күнәділов атап өткендей, дауыстарды санау процесі шағым тудырмады. Байқаушылар сайлау процесінің соңына дейін болды. Байқаушылар есептеу рәсімінің жариялылығы мен ашықтығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы