Байқаушы мен сайлаушы. Сайлауға қандай баға беріп жатыр?

10 Қаңтар 2021, 11:10
1504
Бөлісу:
Байқаушы мен сайлаушы. Сайлауға қандай баға беріп жатыр?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берушілер саны көбеюде. Бұл учаскеге 3040 сайлаушы тіркелген.

Аталған сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы таңғы 06:00-да келіп жұмысын бастады. Дауыс беру 07:00-де басталған.

Байқаушы мен сайлаушы. Сайлауға қандай баға беріп жатыр?

Елордалық тұрғын Жаңабай Алшынбек көптің бірі сияқты сайлауға келіп, таңдау жасады.

Сайлауға алғаш рет келіп тұрғаным жоқ. Ұйымдастырылуы жоғары деңгейде деп айта аламын. Пандемия кезінде барлық ережені сақтап отырғаны көрініп тұр. Әр азамат сайлауға өзінің болашағы үшін жауапкершілікпен келеді. Мәжіліс пен мәслихаттардың жұмысы мен қабылдаған шешімдері халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы керек, - деді ол.

Ол атағандай, Парламентте қабылданған заңдар сапалы болуы керек. 

Ал Германиядан келген халықаралық байқаушы Урс Эмил сайлау қалай өтіп жатқанын айтты. 

Байқаушы мен сайлаушы. Сайлауға қандай баға беріп жатыр?

Мен сайлауда алтыншы мәрте халықаралық байқаушы болып отырмын. Қазақстанда екі жыл бұрын өткен Президент сайлауында байқаушы болдым. Қазақстанда сайлау процесі белсенді өтіп жатыр. Қазір маска тағу режимі мен әлеуметтік арақашықтық сақталған, - деді ол. 

Ол қазір Германиядағы сайлауды да мысалға алды.

Байқаушы мен сайлаушы. Сайлауға қандай баға беріп жатыр?

Қазір Германияда екінші локдаун енгізілді. Бұл жағынан осындағы жағдай жақсы деп ойлаймын. Қазір коронавирус инфекциясынан адамдар шаршады деп ойлаймын. Сондықтан қазіргі Қазақстандағы сайлау елдегі басты офлайн шара, - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Өзгелердің жаңалығы