Байкал жағалауында мұздан алып кітап жасалды

1 Ақпан 2019, 09:21
2584
Бөлісу:
Байкал жағалауында мұздан алып кітап жасалды

Астана, BAQ.KZ. Байкал жағалауындағы Листвянка елді мекенінде ерекше нысан бой көтерді, деп жазады «Хабар 24».

Мұздан жасалған алып кітап мұндағы бірнеше гектар аумақты алып жатыр. Әрбір парағының ұзындығы 50 метрге дейін жетеді. Мұз кітаптың парағына әр елден келген туристердің арман-тілегі қашалады.

Жоба авторларының пікірінше, мұз кітап еріген кезде, қызыл су көлге құйылады. Сол кезде Байкал көлі адамдардың арман-тілегін орындауға себепші болады. Өнер туындысының жанында мұздан жасалған тағы бір нысан - концерт залы салынып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы