Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығының өнім көлемі 28 млрд теңге болған

4 Мамыр 2022, 13:23
1382
Бөлісу:
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығының өнім көлемі 28 млрд теңге болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәйдібек ауданында былтыр ауыл шаруашылығы саласында 28 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда 1 млрд 214 млн теңгеге артқан. 

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аталған көрсеткіш ауданның жалпы өнім көлемінің 59% құрайды. Бұл туралы бүгінгі брифингте Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков мәлімдеді.

Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған бағдарламаға сәйкес, аудан аумағындағы 103 827 гектар егістік жер игерілді. Өткен жылы жаңадан 95 гектарға жаңбырлатып суғару жүйесі енгізілді. Бір алқаптан 2-3 рет өнім алу бағыты бойынша аймақтағы 52 гектар жерден жалпы 1054 тонна өнім алынды. Биылғы жылы осы бағыт бойынша 60 гектар жерді игеру жоспарланған, - деді Ержігіт Шәріпбекұлы.

2021 жылы Бәйдібек ауданына тартылған инвестицияның көлемі 14 млрд 509 млн теңгені құраған. Жобаларды қаржыландыру бойынша 141 жобаға 1,7 млрд теңге несие бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы