Бас жаңалықтар
Байден көпшілік алдында маскасын шешті
15 Мамыр 2021, 06:22 462

Байден көпшілік алдында маскасын шешті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күн Америка үшін Ұлы күн деп жарияланды, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) шығарған жаңа қаулы вакцина алған адамдарға ашық ауада да, үйде де маскасыз жүруге мүмкіндік беріп отыр.

Осы қаулының қабылдануына байланысты президент Джо Байден вакцина алған депутаттармен кездесті. Және Байден алғашқылардың бірі болып маскасын шешті.

Менің ойымша, бұл – ұлы күн. Егер сіз вакцина алған болсаңыз, онда маскасыз жүре аласыз. Енді сіз адамдармен күлімсіреп амандаса аласыз, – деді Байден.

Ақ үй басшысы америкалықтарды вакцина алуға және коронавируспен күресті тоқтатпауға шақырды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...