Байден Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялайды

6 Желтоқсан 2021, 18:20
1131
Бөлісу:
Байден Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден осы аптада 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялайды.

CNN ақпарат агенттігі Бейжіңдегі жарыстың ашылуына Американың ресми өкілдерінен ешкім бармайтынын жазды.

Дегенмен байрақты додаға АҚШ спортшылары қатыса алады.

Соңғы рет АҚШ 1980 жылы Олимпиада ойындарына толық бойкот жариялаған еді.

Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы