Бас жаңалықтар
Байбек: Nur Otan праймеризі жастардың өздерін көрсетуіне мүмкіндік береді
12 Тамыз 2020, 11:56 689

Байбек: Nur Otan праймеризі жастардың өздерін көрсетуіне мүмкіндік береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Бауыржан Байбек бүгін Халықаралық жастар күні екенін атап өтті.
Бүгін Халықаралық жастар күні. Осыған орай Елбасы мен Мемлекет басшысы бастамашы болған #BizBirgemiz республикалық акциясының белсенділері мен волонтерларына тағы да алғыс айтқым келеді. Осынау күрделі кезеңде біз жастарымыздың жанкешті қайсарлықтары мен үлкен жүректі патриоттықтарына куә болдық. 5 мыңнан астам жасотандық пен ерікті бүкіл ел көлемінде мұқтаждарға азық-түлік себеттерін, маскалар мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізіп берді. Jas Otan волонтерлары Мақтарааралдағы су басудан зардап шеккен тұрғындарға да алғашқылардың бірі болып көмекке келді, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, жастар қанаты жақында тағы бір акцияға бастамашы болған.

Біздің жастар қанатымыз жуырда "Дәрігерлерге мың алғыс!" атты тағы бір акцияға бастамашы болды. Осы шара аясында бүкіл ел бойынша медицина қызметкерлеріне қымыз, шұбат және иммунитетті күшейтетін басқа да өнімдерден тұратын "Алғыс пакеттерін" жеткізіп берді. ЫНТЫМАҚШЫЛДЫҚ – партиямыздың басты құндылықтарының бірі. Ол рухы күштілердің әлсіз жандарға, бақуатты кісілердің тұрмысы төмендерге, денсаулығы жақсы адамдардың науқастарға, жасы үлкендердің өзінен кішілерге жанашыр болуынан танылады. Елімізде өздерін және айналасын жақсы жаққа қарай өзгертуге құштар ұрпақтың өсіп келе жатқаны сүйсіндіреді. Бұл – жасампаздыққа ден қойған, жауапкершілік ала алатын, ынтымақшылдық танытып, өзара қолұшын беруге дайын буын. #BizBirgemiz идеясының да мәні, осы, - деді Байбек.

Байбек Nur Otan-ның алдағы партияішілік праймеризі жастардың өздерін көрсетулеріне, бәсекелік саяси күресте лидерлік қабілеттерін айқындауларына мүмкіндік береді деп ойлайтынын атап өтті.

Біздің мақсатымыз ­– Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға алда болатын сайлауларға айқын партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін жаңа лидерлерді анықтауда барынша ашық іріктеу өткізу. Бұл үшін Елбасының шешімімен 35 жасқа дейінгі жастарға Nur Otan-ның партиялық тізімдерінде арнайы 20%-тік квота көзделген. Праймериз барысында өз ауданы, қаласы, облысы үшін ең лайықты өкілдер таңдалып алынатынына сенімдімін. Олар белсенді түрде жастардың мүддесін қорғайтын болады, - деді ол.

Оның сөзінше, партияның Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес партияның жас жақтастары бесжылдық "Жастар – Отанға!" Жастар бағдарламасының жобасын әзірледі.

Әлемдік озық тәжірибелерді және еліміздің бүкіл өңірінен жастардан түскен 3 мыңнан астам ұсынысты ескере отырып дайындалған бұл құжат Jas Otan сайтында жарияланды. Бағдарламада жастардың негізгі 5 мәселесі қамтылып, оларды шешу жолдары ұсынылған. Біздің күш-жігеріміз қолжетімді баспана және жас отбасыларға қолдау көрсету, жұмыспен қамту, сапалы білім, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу секілді негізгі мәселелерге жұмылдырылатын болады. Әрбір бағыт бойынша кешенді шаралар әзірленіп, нақты индикаторлар белгіленген. Бағдарламаның түпкілікті нұсқасы Jas Otan алаңында қыркүйекте талқыланатын болады. Сол уақытқа дейін әркім өз ескертулері мен ұсыныстарын енгізе алады. Жастар – еліміздің болашағы! Біз Жастармен Біргеміз!, - деп қорытындылады партия төрағасының орынбасары.



Фото: дереккөз
Загрузка...