Бас жаңалықтар
Бауыржан Байбек BAQ.KZ ақпарат агенттігін құттықтады
25 Қараша 2020, 09:50 144

Бауыржан Байбек BAQ.KZ ақпарат агенттігін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек BAQ.KZ ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтады.

Құрметті BAQ.KZ ақпарат агенттігінің ұжымы! Сіздерді 10 жылдық мерейлі белестеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргідей ақпараттық ғасырда бәсекелестіктің қатаң талаптарына жауап бере отырып, шынайы ақпаратты жедел жеткізу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Еліміздің ақпарат айдынында осынау сенім үдесінен шығып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген ақпарат құралының бірі - BAQ.KZ порталы. Жер-жаһандағы айтулы оқиғалар мен жаңалықтар, ел өміріндегі мерейлі сәттер мен түйінді мәселелер де сайт назарынан тыс қалған емес, - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары ақпарат агенттігінің бүгінде отандық медиа кеңістікте өзіндік орны бар, елдік мүддені жоғары қоятын, кәсібіне адал жандардың басын қосқан ұжымға айналғанын айтты.

Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында атқарып жатқан істеріңіз де бір төбе. Елімізді ғана емес, бүкіл әлемді сарсаңға салып отырған қазіргідей кезеңде де сіздер денсаулықтарыңызға төнетін қауіпке қарамастан, халықтың ортасынан табылып, қалың жұртқа айқын әрі шынайы ақпарат таратуда аянбай жұмыс істеп келесіздер. Осындай еселі еңбектің арқасында BAQ.KZ ақпарат құралы бүгінде отандық медиа кеңістікте өзіндік орны бар, елдік мүддені жоғары қоятын, кәсібіне адал жандардың басын қосқан ұжымға айналды. BAQ.KZ ақпарат агенттігінің ұжымын осынау мерейлі белесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық өрлеу, толайым табыс тілеймін, - деді ол.



Фото: дереккөз
Загрузка...