Байбек: Аянның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамын

2 Тамыз 2019, 16:47
4927
Бөлісу:
Байбек: Аянның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыстағы апат салдарынан көз жұмған Аянның ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы ол Тwitter-дегі парақшасында жазды.

«Арыстағы апат салдарынан көз жұмған кішкентай бауырымыз Аянның қазасын ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтасып, «Nur Otan» партиясының және өзімнің атымнан марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамын», - деді Бауыржан Байбек.

Естеріңізге сала кетейік, дәрігерлер Арыстағы жарылыстан қаза тапқан балаға қатысты пікір білдірген еді.
Өзгелердің жаңалығы