Баянөлгийлік азаматтың коронавирус жұқтырмағаны анықталды

14 Ақпан 2020, 10:36
1380
Бөлісу:
Баянөлгийлік азаматтың коронавирус жұқтырмағаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағында коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған адам қауіпті вирусты жұқтырмағандығы анықталды.

Бұл туралы жергілікті МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.

Сырқат туралы ақпарат 11 ақпан күні кешкі сағат 20:00 кезінде тіркелген.

Аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасы сырқаттың сараптамасын Ұлттық жұқпалы аурулар орталығына жіберген болатын. Сараптама қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырды деген күдіктінің аталған сырқатты жұқтырмағаны анықталды.

Осы жағдайға байланысты толық ақпаратты Моңғолия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі айтатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Баян-Өлгий аймағында 103 мыңнан астам (2018 жылғы мәлімет) халық тұрады. Олардың 90 пайыздан астамы қазақтар.


Өзгелердің жаңалығы