Бас жаңалықтар
Баянды ауылындағы "кілем" жолдың қалай төселгені белгілі болды 
PHOTO
15 Шілде 2020, 16:15 188

Баянды ауылындағы "кілем" жолдың қалай төселгені белгілі болды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" Баянды ауылындағы жол сапасына байланысты тексеріс қорытындысын жария етті.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысы Баянды ауылындағы сапасыз салынған жолдың құрылысына байланысты, "Жол активтері ұлттық сапа орталығының" инженерлері барып, тексеру жүргізген болатын.

WhatsApp Image 2020-07-15 at 16.03.08.jpeg

Көтерілген мәселелер бойынша мынадай кемшіліктер анықталды. Сметалық құжат дұрыс және толық жасалынбаған, 6 көшеге ортақ бір ғана құжат әзірленген. Сондай-ақ, ақаулық тізімдемесінде геометриялық сипаттамалары, яғни көше ұзындығы, төсемнің құрылымдық қабаттарының ені және қалыңдығы да көрсетілмеген, - делінген ведомство ақпаратында.
WhatsApp Image 2020-07-15 at 16.03.09 (1).jpeg

Бұдан бөлек, зауыттан шыққан асфальт-бетон қоспасы нормативтік талаптарға сай болғанымен, мердігер мекеме төсеу кезінде қателіктер жіберген. Сонымен қатар, қарастырылған құжатта негізді өңдеуге арналған битумның шығыны нормадан екі есеге аз көрсетілгендіктен, асфальт төсемі мен астыңғы қабаты бір-бірімен дұрыс қабыспауына әкеліп соқты.

Техникалық құжаттар сараптамасының және техникалық қадағалаудың болмауы, осындай ақаулықтардың орын алып әсер етіп отыр. Мұның бәрі мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігін көрсетеді.    



Фото: дереккөз
Загрузка...