Баянауылдағы көлдерге 96 мың тұқы шабақтары жіберіледі

13 Қыркүйек 2020, 02:43
1758
Бөлісу:
Баянауылдағы көлдерге 96 мың тұқы шабақтары жіберіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сондай-ақ Павлодар облысында су айдындарына тағы 150 мың балық шабақтары жіберіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев мәлім етті.

Жыл сайын облысыиызда бағалы балық түрлерінің қорларын қалпына келтіру, сондай-ақ өздігінен өсіп-өнетін популяцияларды алу үшін біз өсіру жұмыстарын жүргізудеміз. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында Баянауыл ауданының Сабындыкөл, Торайғыр көлдерін 96 мың дана тұқы шабақтарымен балықтандыру жоспарлануда, - деді Қадылжан Сәтиев.


Сонымен қатар, биыл жануарлар дүниесін 13 пайдаланушы, оған қоса, облыстың 2 өнеркәсіптік кәсіпорнымен («Павлодар өзен порты» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ) су айдындарына 150 мың данадан астам бағалы балық түрлерінің шабақтарын жіберу жоспарланған.

Соңғы 3 жылда табиғи мекендеу ортасына 500 мың данадан астам құнды балық түрлерінің шабақтары шығарылды. Олардың жерсінуі 10 пайыздан астамды құрады, - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, Павлодар облысында соңғы 3 жылда табиғат пайдаланушылармен 4 мың тонна су жануарлары алынған. 2020 жылы квота 1 085 тонна көлемінде бекітілді. Ал, қазіргі уақытта Павлодар облысында қолдан өсірілетін тауарлық балық көлемі жылына 10 тоннаны құрайды.
Өзгелердің жаңалығы