Бас жаңалықтар
Баянауыл ауданының демалыс нысандары Ashyq жүйесіне енгізілуде
13 Шілде 2021, 17:26 289

Баянауыл ауданының демалыс нысандары Ashyq жүйесіне енгізілуде

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Баянауыл курорттық аумағында орналасқан демалыс нысандары Ashyq жүйесіне қосылуда.

Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімовтің айтуынша, демалыс ошақтары санитарлық-эпидемиологиялық талаптар негізінде жұмыс істейді. Бүгінде туристерге 45 демалыс үйі қызмет көрсетуде.

«Ашық» жобасына 21 демалыс үйі мен 14 қоғамдық тамақтану нысаны енді. Қазіргі таңда 40-қа жуық демалыс үйі, 14 дәмхана мен жеті сауда нысаны санитарлық нормаларға сай жұмыс істейді. Кәсіпкерлердің қолдарында тиісті құжаттар бар. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Мәселен, демалыс үйлерінің жүктемесі 80%-дан аспауы тиіс. Ал тамақтаны орындарындағы келушілер саны жүйтеменің жартысынан аспауы керек, - дейді Қанат Кәрімов.

Курорттық аймақтағы жұмысшылар жаппай екпе алуда. Осы күні туризм саласында еңбек ететін 400-ге жық жұмысшының 300-ге жуығы вакциналанған.

«Баянауыл» ұлттық паркінің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жартыжылдықта өңірге 30 мыңға жуық турист келіп, тыныққан. Мамандардың болжамынша, ауа райы қолайлы болған жағдайда көрсеткіш 100 мыңға жетуі мүмкін. Ұлттық парк аумағында экскурсияларды ұйымдастыруға тәжірибелі үш маман тартылған. Сонымен қатар, алты кәсіпкер шағын сапарлар өткізумен айналысады.

Туристік маусымда адам көп шоғырланатын көлдердің жағалауларында санитарлық қондырғылар орнатылған. Санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, демалушылар арасында оқыс оқиғалардың болуына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қолға алынды. Бүгінде Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінде 18 құтқарушы жұмыс істейді, - дейді аудан әкімі.

Өлкеде туризм саласын дамытуға жеке инвестициялар құйылуда. Бүгінде екі демалыс үйінің құрылымына 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.



Фото: автордан
Загрузка...