Баян-Өлгийде коронавирус жұқтырды деген күдікпен бір адам тіркелді

12 Ақпан 2020, 09:54
3803
Бөлісу:
Баян-Өлгийде коронавирус жұқтырды деген күдікпен бір адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағында коронавирус жұқтырды деген күдікпен бір адам ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы жергілікті МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.

Сырқат туралы ақпарат 11 ақпан күні кешкі сағат 20:00 кезінде тіркелген.

21 жастағы Өлгий қаласының тұрғыны 7 ақпан күні Моңғолия-Қытай арасындағы Замын-Үүд шекара бекетінен өз машинасымен өткен.

Оның дене қызуы көтеріліп, аймақтық біріккен ауруханаға жатқызылды.

Осы оқиғаға байланысты аймақтық төтенше жағдайлар комиссиясы бүгін түнгі сағат 03:00-те шұғыл жиын өткізді.

Жиын нәтижесі бойынша коронавирус жұқтырды деген күдікті сырқатты оқшаулау, оның отбасына, онымен қарым-қатынас жасаған адамдарды бақылауға алуды; сараптама қорытындысы келгенше аймақтағы базарлардың жұмысын уақытша шектеуді; мейрамханалардың, көпшілік орындардың, діни орындардың жұмысын 2 наурызға дейін тоқтату туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, сырқаттың сараптамасын Ұлттық жұқпалы аурулар орталығына жіберуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Баян-Өлгий аймағында 103 мыңнан астам (2018 жылғы мәлімет) халық тұрады. Олардың 90 пайыздан астамы қазақтар.

Өзгелердің жаңалығы