Бас жаңалықтар
Баян-Өлгийдің «Қызыл үй» шекарасы ашылады
12 Қазан 2021, 11:45 7858

Баян-Өлгийдің «Қызыл үй» шекарасы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Баян-Өлгий аймағына қарасты Моңғолия-Ресей арасындағы Ташанта және Қызыл үй кеден бекеті 14 қазаннан бастап ашылады.

Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының Қауіпсіздік комиссиясы хабарлады.

Қазақстанға жеке кәсіппен барып, пандемияға байланысты шекара жабық болғандықтан қайта алмай қалған Моңғолия азаматтарының 420-ға жуық көлігі бар. Осыған байланысты аймақтық Қауіпсіздік комиссиясы елге қайтқысы келетін Моңғолия азаматтары мен көліктерге осы айдың 14-нен бастап «Қызыл үй» арқылы рұқсат беру туралы шешім қабылдады – делінген хабарламада.

Моңғолияның тиісті органдары бұған дейін моңғол азаматтарына (қызыл паспорты бар адамдарға ғана – Е.Ж.) Қызыл үйден кедергісіз кіруге рұқсат берілді және осы бойынша Ресей кеден қызметімен келісім жасалды. Алайда, Моңғолиядан Ресей арқылы Қазақстанға келетін азаматтар үшін әзірге Моңғолиядан шығуға рұқсат берілген жоқ.

Шекарадан автокөліктер мен азаматтардың кіруіне шектеу уақыты белгіленген жоқ. Соған қарағанда бұл тұрақты жалғасын табуы мүмкін.

Ал Ресейдің «Ташанта» кеден бекетінің әкімшілігі көлігі Қазақстанда қалып, өзі Моңғолияда жүрген азаматтар көлік құралын басқаларға (Моңғолия азаматтарына) сенімхат беру арқылы алдыруына болатынына келісті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...