Алматыдағы Баум тоғайы енді ерекше қорғауға алынбайды

15 Қаңтар 2019, 17:32
6361
Бөлісу:
Алматыдағы Баум тоғайы енді ерекше қорғауға алынбайды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан үкіметі Алматыдағы Баум тоғайын ерекше қорғалатын республикалық маңызы бар табиғи аумақтар тізімінен шығарып, Алматының мемлекеттік табиғи қорықтар қорына енгізді. Үкіметтің бұл туралы қаулысы электрондық үкімет порталында жарияланды.

Тарихи деректер бойынша, Баум тоғайын (сол кездегі атауларының бірі - Верный тоғайы) 1868 жылы Жетісу облысының әскери губернаторы Герасим Колпаковскийдің жарлығы бойынша Үлкен және Кіші Алматы станицаларының казактары еге бастаған. Қала атауы Верный болып өзгертілген тұста оны "Алферов тоғайы" деп те атаған. Кейін тоғайға Верныйда 47 жыл тұрған ғалым әрі орман маманы Эдуард Баумның есімі берілген.

2006 жылы Баум тоғайын Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің коммуналдық меншігіне өткізіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи ескерткіш деген құқықтық мәртебе берген.

Өзгелердің жаңалығы