Батыс Қазақстанда киіктердің жаппай қырылғаны анықталды

14 Мамыр 2021, 13:16
1717
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда киіктердің жаппай қырылғаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Тау ауылы маныңда 372 киіктің өлексесі табылды, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына қажетті іс-шараларды жүргізу үшін шұғыл түрде Экология департаментінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясының, Ветеринария басқармасының, Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылуда, - делінген министрліктің facebook-тегі парақшасында.

Киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар жедел штаб құрды. Болжам бойынша киіктердің қырылу себептерінің бірі - сол мекендегі қолайсыз ауа райына (нөсерлі жауын мен найзағай) байланысты болуы мүмкін. Себебі ұшаларда найзағай разрядымен зақымдану іздері байқалады.

Құзырлы мемлекеттік органдардың зерттеу қорытынды жұмыстары аяқталған соң нақты нәтижелері қосымша хабарланатын болады.
Өзгелердің жаңалығы