Батыс Қазақстанда дәріханада жоқ препаратты заңсыз сату фактісі анықталды

9 Желтоқсан 2020, 17:52
1606
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда дәріханада жоқ препаратты заңсыз сату фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Рүстем Ақмырзаев мәлім етті.

Оның айтуынша, карантин кезінде фармацевтикалық қызметтің дұрыс жүзеге асырылуын қадағалау үшін облыстық және аудандық деңгейлерде арнайы мониторингтік топтар құрылды.

Коронавирус пандемиясы кезінде қоғам белсенділерінің қолдауымен Департамент қызметкерлері дәріханалар мен медициналық қоймалардың заңды қызмет атқаруын, алып-сату фактілерінің орын алмауын қадағалау азаматтық бақылау шараларын қолға алды. Және дәрілік заттар мен гуманитарлық көмектердің медициналық ұйымдарға жеткізілуін қадағалаумен айналысты, - деді ол.

Брифинг барысынан мәлім болғандай, Департаменттің тексерісі нәтижесінде 3 әкімшілік хаттама толтырылды 

Орал қаласының тұрғынының дәріханаларда жоқ дәрілік препараттарды заңсыз сатқаны анықталды. Дәрілердің жалпы құны 66 830 теңгені құрады. Уәкілетті орган оған қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодектің екі бабы бойынша жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ «Золотое яблоко» дәріханасына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді ол.

Сондай-ақ тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында дәрі-дермектердің шекті бағасы көрсетілген QR-code енгізілген арнайы жадынамалар барлық дәріханаларға ілінген.

Демек, дәріханаға келген азаматтар дәріні сатып алу барысында оның бағасына күмәні болса, оның шекті бағасын QR-code арқылы тексеруге мүмкіндік жасап отырмыз, - деді департамент басшысы.

Өзгелердің жаңалығы