Бас жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында такси қызметіне қатысты рейдтік шаралар жүргізілді
09 Тамыз 2020, 20:04 172

Батыс Қазақстан облысында такси қызметіне қатысты рейдтік шаралар жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолаушыларды таксимен тасымалдау қауіпсіздігін арттыру және карантин режимі кезінде жүргізушілердің санитарлық норма талаптарын сақтау мақсатында БҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясы Орал көлік прокуратурасымен, БҚО Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлескен рейдтік шараларын өткізді. ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өткізілген шара барысында инспекция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 571-бабының 2-бөлігінде (автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу), 575-бабында (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды шет мемлекеттiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен тасымалдау), 463-бабының 1-бөлігінде (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) қарастырылған бұзушылықтар анықтады. 12 құқық бұзушы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 
Бұдан бөлек, 2 әкімшілік материал құқық бұзушы дара кәсіпкерге қатысты автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін сақтамағаны үшін толтырылды.Қызметкерлер жүргізуші құрамымен жолда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
БҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясы такси тасымалдаушылар үшін маңызды міндет - жолаушы тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін ескертеді.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...