Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

13 Желтоқсан 2019, 11:50
7783
Бөлісу:
Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақтағы WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарының иегері қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) келесі жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні белгілі болды. 

Бұл туралы Vesti.kz сайтында хабарланды. 

BoxRec деректеріне сүйенсек, боксшының келесі жұдырықтасуы 25 қаңтарда Монреаль (Канада) қаласында өтеді. Оның қарсыласы кім болатыны белгісіз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ертең 14 желтоқсанда Жүкембаев Мәскеу қаласында өзінің жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырып ұйымдастырылды. 

Бұған дейін де боксшы кезекті жекпе-жегін Монреальда өткізген болатын. Қыркүйекте әлемнің экс-чемпионы Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, 2 вакантты титулдың жеңімпазы атанған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы