Бас жаңалықтар
Қарағандыда батут ұшып кетіп, 11 жасар бала көз жұмды
25 Мамыр 2019, 20:38 811

Қарағандыда батут ұшып кетіп, 11 жасар бала көз жұмды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды оқыс оқиға орын алды. Қатты желдің салдарынан үрмелі батут ұшып кетіп, салдарынан 1 бала қаза тауып, тағы екі бала ауруxанаға жеткізілді.

25 мамыр күні сағат 16.00 шамасында қаланың орталығындағы саябақта оқыс оқиға орын алды. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан балалар ойнайтын үрмелі батут ұшып, төңкеріліп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, батуттың ұшуына қатты жел ғана емес, оның жерге мықтап бекітілмеуі де себеп болған.

«Далада қатты жел тұрды. Осы кезде батут аспанға көтеріліп, бір аунап жерге құлады. Батутта көптеген бала ойнап жүрген болатын. Көбісі жарақат алды. Бір баланы құтқарушылар тек 10 минуттан кейін алып шықты. Бүгін қатты жел болатынын синоптиктер болжаған болатын. Алайда батуттың иелері қауіпсіздік шараларын сақтамаған», - дейді қала тұрғыны Лариса.

Төтенше оқиғадан бірнеше бала зардап шекті. Алған жарақатының әсерінен 11 жасар бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы 2 бала әртүрлі дене жарақатымен ауруxанаға жеткізілген.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 306-бабы, 3-тармағына сәйкес, яғни «адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сәйкесінше сараптамалар тағайындалды. Аталған нысады қолдану бойынша құжаттар тексіріліп жатыр», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық