Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғады

23 Қыркүйек 2020, 21:39
1452
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 қыркүйекте Қазақстанның басым аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

24, 26 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 24-25 қыркүйекте түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Cолтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 25 қыркүйекте желдің күші кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысында кей жерде түман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 24 қыркүйекте облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. 

Ақмола облысында кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерде 23-28 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр күтіледі. Шығыста таулы аймақтарында жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. 

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласында ертең жауын-шашын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы