Басқыншылар тікелей эфирге шығуға тырысты – Абаев
7 Қаңтар, 12:02 262

Басқыншылар тікелей эфирге шығуға тырысты – Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Хабар 24 арнасындағы эфир кезінде мәлімдеді.

Өздеріңіз білесіздер, Алматыдағы наразылық 3 қаңтарда басталды. Басында олар бейбіт сипатта болды. Полиция, Ұлттық ұлан наразылық білдірушілерге қарсы атыс қаруын қолданбады. Алайда бейбіт шерушілердің дауыстары арандатушыларды зорлық-зомбылық пен тәртіпсіздікке шақырған үнге жалғасты. Халықты қару-жарақ, арматура, дубинка бар қарақшылар мен террористер бастап кетті, - деді Абаев.

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары атап өткендей, бандиттер тонаумен айналысып, ал содырлар мен лаңкестердің екінші ұйымдасқан тобы қару дүкендеріне мақсатты шабуылдар жасады, полицияның байланыс құралдарын тартып алды. 

Сөзінше, басқыншылар кәсіби түрде әрекет етті. 

Бірінші кезекте қаланың әкімшілік ғимараттарын, Алматы қаласындағы телеарналардың кеңселерін басып алып, қиратты. Орталық телеарна арқылы бірнеше рет тікелей эфирге шығуға тырысты. Сондай-ақ Көктөбе телемұнарасына жасалған шабуылдарға шекара әскерлері тойтарыс берді, - деп атап өтті Дәурен Абаев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...