Баспанадан айыру кезінде азаматтардың құқығы аса ескерілмейді – заңгер

25 Қыркүйек 2020, 11:46
1289
Бөлісу:
Баспанадан айыру кезінде азаматтардың құқығы аса ескерілмейді – заңгер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Баспанадан айыру кезінде азаматтардың құқығы аса ескерілмейді. Бұл туралы Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының заңгері Әлішер Қожағұлов Қазақстан коммунистік халық партиясында өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Былтыр Қазақстан бойынша елді дамыту аясында баспанадан күштеп шығаруға қатысты ауқымды зерттеу жүргіздік. Баспанадан айыру кезінде азаматтардың құқығы аса ескерілмейді. Тұрғындармен консультация өткізбейді, шешім жабық есіктің артында қабылданады. Тұрғындар олардың баспанасы тартып алынатынын ресми құжат алған соң ғана біліп жатады. Қазақстанда баспанасынан күштеп шығару күнде де, түнде де және ауа райына қарамай жүзеге асырылады. Баспанадан шығарылған соң, тұрғындардың одан әрі өмірі қалай болып жатқанына бақылау жүргізілмейді, - деді Қожағұлов. 

Заңгердің айтуынша, аталған заң жобасы халықаралық стандарт пен нормаларға сүйеніп әзірленді. 

Аталған заң жобасында Қазақстанда адам құқығы қолдауға ие болып, оны сыйлау және тұрғын үй қатынасына қарасты құқықтарының қолдануы қарастырылған, - деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстан коммунистік халық партиясы  мен  Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының «Тұрғын үй қатынастары  туралы» заң жобасына жер телімі мен баспананы күштеп тартып алу мәселесіне қатысты өзгертулер енгізу бойынша бірлескен отырысы өтті.

Өзгелердің жаңалығы