Бас жаңалықтар
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
05 Наурыз 2021, 13:30 281

Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы Палестина мен Шри-Ланканы ұтқан соң ФИБА рейтингінде бес сатыға көтерілді деп жазады Olympic.kz.  

Бүгінде Эмиль Райкович командасының қоржынында 124,3 ұпай бар. «Дала арландары» әлемде 74-ші, Азия құрлығында 12-ші орында тұр.  Халықаралық баскетбол федерациясы (ФИБА) Қазақстан командасын рейтингте біраз жоғарылағаны үшін ерекше атап өтті.  

Ал үздік бестік өзгеріссіз қалды. АҚШ командасы бірінші, Австралия екінші, Аргентина үшінші, Сербия төртінші , Франция бесінші сатыда.  Азия бойынша үздіктер қатарына Иран, Жаңа Зеландия, Қытай мен Оңтүстік Корея кірген.   


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...