Баскетболдан қазақстандық команда Азия чемпионатына іріктеу сынын бастады

21 Мамыр 2019, 10:54
1850
Бөлісу:
Баскетболдан қазақстандық команда Азия чемпионатына іріктеу сынын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда баскетболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына аймақтық іріктеу турнирі басталды. Іріктеу сынының алғашқы матчында қазақстандықтар Түркменстаннан келген қарсыластарын оңай жеңді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Қазақстандық баскетболшылар қарсыластарынан  50 ұпай артық жинап, 97:41 есебімен басым түсті. 

Біздің команда сапындағы үздік ойыншылар қатарында Алексей Кочергин, Стефан Романенколар бар. 

Айта кетелік, келесі ойынды қазақстандықтар Қырғызстан командасына қарсы өткізеді. 

Өзгелердің жаңалығы