Басқа елдердің Ұлттық жобаларын қайталаудан бас тартуымыз қажет - Споткай

22 Қазан 2020, 11:53
1507
Бөлісу:
Басқа елдердің Ұлттық жобаларын қайталаудан бас тартуымыз қажет - Споткай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенаты аппарат басшысының орынбасары Максим Споткай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші онлайн отырысында айтты.

Басқа елдердің Ұлттық жобаларын қайталаудан бас тартуымыз қажет. Еліміздің ерекшеліктері ескерілмей жасалған шетелдік тәжірибелер сәтсіз болады. Сондықтан жобалар жабық есік жағдайында дайындалмауы керек. Қазақта «келісіп пішкен тон келте болмас» деген сөз бар. Сондықтан мұндай жұмыстарға тәуелсіз сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, жастар да атсалысқандары жөн, - деп атап өтті Максим Споткай отырыс кезінде.

Ол ұлттық жобалар экономика, инфрақұрылым және қоршаған ортаны қорғау, жастарды қолдау, рухани жаңғыру, ұлттық бірлік, ағарту салаларын да қамту қажет екенін айтты.

«Қазақ тілі - этносаралық қарым-қатынас тілі» деген идеяны дамыту үшін арнайы жоба әзірлеу маңызды деп есептейміз, - деп Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші онлайн отырысында Споткай ұсыныс айтты. 

Айта кетейік, Максим Споткай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін 5 жылға арналған тұжырымдама қажет екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы