Бәсекелестікке қабілеттілікті одан әрі арттыру қажет – Тоқаев

3 Маусым 2019, 14:05
1409
Бөлісу:
Бәсекелестікке қабілеттілікті одан әрі арттыру қажет – Тоқаев

Тараз, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жұмыс сапарын минералды тыңайтқыш өндіретін зауытты аралаудан бастады.

Қазақстан Президентіне қысқа мерзімде жылдық қуаты 300 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін минералды тыңайтқыш шығаратын технологиялық жүйенің жұмысы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, өндіріс орнында  жергілікті шикізат пайдаланылатыны, Қаратау қаласының фосфат шикізаттары өңделетіні жөнінде баяндалды.

Бәсекелестікке қабілеттілікті одан әрі арттыру қажет – Тоқаев

– Бұл – химия өнеркәсібінде, соның ішінде сары фосфор өндіруге маманданған халықаралық деңгейдегі жетекші кәсіпорын. Халықаралық нарықтарға өз тауарларыңызбен шығуға осы артықшылықтарыңыз септігін тигізеді. Бәсекелестікке қабілеттілікті одан әрі арттыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

***

1951 жылы салынған бұл кәсіпорынның негізгі қызметі – химия өнеркәсібі. Мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған зауытта орташа жалақы мөлшері – 148 мың теңгеден асады. Кәсіпорынның өнімдері Еуропалық одақ елдеріне, АҚШ, Қытай, Жапония және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында жүр.

Өзгелердің жаңалығы