Баса назар аударатын боламыз. Нығматулин Мәжілістің жоспарын айтты

20 Қаңтар 2021, 11:03
1731
Бөлісу:
Баса назар аударатын боламыз. Нығматулин Мәжілістің жоспарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Өздеріңізге белгілі жетінші шақырылым Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл, ал Парламенттің құрылғанына 25 жыл толуына дәл келіп отыр. Осыған байланысты сессияның ашылуында Мемлекет басшысы жетістіктерімізді сақтап, одан әрі дамыту жолындағы жаңа мақсаттар туралы айтты. Оның ішінде әлеуметтік, құқықтық, саяси бағыттарға баса назар аударатын боламыз. Олардың барлығын тиісті заңдармен қамтамасыз ететін біздің Парламент,  - деді Нығматулин.

Ол Мемлекет басшысы сессияның ашылуында депутаттардан сапалы заңдарды талап ететінін ерекше атап өткенін айтты. 

Ол заңдар ең алдымен халықтың өмір сапасын, білім, денсаулық сақтау салаларын жақсартуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға ықпал етуге тиіс. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – жоспарға сәйкес өз уақытында халыққа қажетті, пайдалы заңдарды қабылдау, - деді спикер.

Мәжіліс төрағасы барлық заң шығару жұмыстары кезірде мемлекеттік органдармен, сарапшылар қауымдастығымен, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара әріптестік байланыста болатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы