Бас жүлдесі 1 млн теңге болатын шығармашылық байқау жарияланды

6 Тамыз 2019, 11:33
2457
Бөлісу:
Бас жүлдесі 1 млн теңге болатын шығармашылық байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында «A kind heart» қоғамдық бірлестігі «I’m from Qazaqstan» атты видеороликтер бәйгесін ұйымдастыруда.

Бәйге шарты бойынша қатысушылар өздерінің қалалары немесе ауылдары туралы қысқаша видеоролик түсіруі керек. Өз туындысында туған жері туралы, оның қызықты немесе маңызды жерлері туралы баяндап, оның туристер үшін қандай қызықтары бар екенін айтып беруі қажет.

Ең үздік видеоролик авторы бас жүлдеге 1 000 000 теңге алады, екінші орын иесі – 500 000 теңге, ал үшінші орын иесі – 300 000 теңге алады. Бәйге қорытындысы бойынша финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының дамуына қатысты мамандар кеңесін алады.
WhatsApp Image 2019-08-05 at 10.27.39.jpeg

Бәйгенің мақсаты – Қазақстанда видео блог саласын дамыту, жаңа таланттарды ашып, дарынды жастарды қолдау және Қазақстандағы туризм туралы қызықты видео ақпарат санын арттыру.

Жеңімпаздарды құттықтау салтанатты рәсімі 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанды аша отырып» атты халықаралық блогерлер форумында өтеді.
Жарысқа қатысатын жұмыстар тамыздың он екісіне дейін қабылданады. Бәйгеге жасы 18-ге толған еліміздің барлық азаматтары қатыса алады.

Бәйге туралы толық ақпаратты openqazaqstan.kz сайтынан қарап біле аласыздар.
Өзгелердің жаңалығы