Жаңа қаулы: Қазақстанда 3 шет елдің вакцинация анықтамасы жарамды болады

12 Маусым 2021, 13:51
2102
Бөлісу:
Жаңа қаулы: Қазақстанда 3 шет елдің вакцинация анықтамасы жарамды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы қабылдады.

Бұл туралы ДСМ Санитариялық-бақылау комитеті хабарлады.

Қаулыдаға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының паспорттары/сертификаттары/вакцинация анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын, - делінген Қиясовтың қаулысында.

Ол Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етуді тапсырды.

Сонымен қатар қаулыда «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» уақытша әдістемелік ұсынымдары да ұсынылды.

Онда КВИ-ге қарсы белсенділігі жойылған вакциналармен (Hayat-Vax, QazVac, КоронаВак және басқалары) және векторлық вакцинамен (Спутник V) екпе алған адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 2 аптаға шеттетілетіні айтылады. Ал тірі вакциналарды пайдаланған кезде егілген адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 4 апта мерзімге шеттетіледі.

Қаулының толық нұсқасымен танысу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

Өзгелердің жаңалығы