Бас санитар дәрігер тұмаудың алдын алу жолдарын атады

19 Қараша 2019, 18:03
5999
Бөлісу:
Бас санитар дәрігер тұмаудың алдын алу жолдарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тұмауға қарсы жаппай иммундау кампаниясы туралы баяндады.

Көптеген инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Былтырғы жылмен салыстырғанда 28 инфекциялық ауру түрі төмендеді. Халық арасында сары ауру аталатын "Гепатит А" 42%-ға төмендеді. Менигококк инфекциясы биыл 36%-ға төмендеді. Туберкулез жылдан-жылға 7-8%-ға төмендеп жатыр. 2018 жылы Қазақстан бірінші рет осы эпидемия зонасынан шықты. 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 48 болды. Тұмаңға ұқсас аурулар ЖРВИ-ді (жіті респираторлық вирустық аурулар – авт.) 11%-ға төмендеді, - деді комитет төрағасы.

Бекшин 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы жаппай иммундау кампаниясы басталғанын айтты.

Тұмау асқынуы жағынан өте қауіпті ауру. Жыл басынан бері ауруханаларға тұмауға ұқсас ауруларды асқындырып алған 3 мыңға жуық науқас келген. Алдын алу жұмыстарын жүргізсек асқыну төмендейді. Жыл басынан бері 55 мың асқынған респираторлық инфекция тіркелген. Биыл тұмауды тіркеу бір ай бұрын басталды. Тұмаудың 11 оқиғасын анықтап, лабароторияда растап, қандай штам екенін нақтыладық, - деді ол.

Ол азаматтарға тұмаудың алдын алу бойынша қандай шаралар қолдану қажет екенін айтты. 

Осы кезеңде қоғамдық орындарда көп болмау керек. Суық тиіп науқастанған адамдармен байланысты шектеп, маска киіп жүру керек. Дене шынықтырумен айналысып, таза ауада жүруі қажет. Қарақат, итмұрын, лимон, анар, ашытылған қырыққабат секілді С витаминіне бай тағамдарды қолдануға, кешкі асқа сарымсақ пен пиязды, зімбірді пайдалануға болады. Адамдар көп жерге баратын болсаңыз вирусқа қарсы жақпамайларды пайдаланыңыз. Осындай қарапайым шаралар халықтың денсаулығын сақтауға септігін тигізеді, - деді Бекшин.
Өзгелердің жаңалығы