Бас репродуктолог: Экоұрықтандыру технологиясы донор қызметіне сұранысты азайтты
10 Қараша 2021, 18:16 91

Бас репродуктолог: Экоұрықтандыру технологиясы донор қызметіне сұранысты азайтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, еліміздің бас репродуктологы Вячеслав Локшин хабарлады. 

Оның айтуынша, республикада 27 экстракорпоралды ұрықтандыру орталығы жұмыс істеп тұр.

Қазақстанда қосымша репродуктивті технология әдісімен емдеу 1995 жылдан бері қолданылып келеді. Содан бері 85 мыңдай жұп жүгінген. Бүгінгі уақытқа дейін «пробиркадан» 25 мыңнан астам бала дүниеге келді. Емдеудің тиімділігі 15%-дан 42%-ға дейін артты. Баланың дүниеге келу дерегі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші (take baby home) 30% деңгейінде қалып отыр. Бұл үздік еуропалық емханалардың көрсеткішіне сәйкеседі, – деп атап өтті бас репродуктолог Локшин.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында бір адам жылына бір рет тегін ЭКО процедура жасата алатыны туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...