Бас редакторларды басқаруға Бибігүл Жексенбай қайта келді

12 Ақпан 2020, 20:45
2439
Бөлісу:
Бас редакторларды басқаруға Бибігүл Жексенбай қайта келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "Бас редакторлар клубы" қоғамдық бірлестігінің есеп беру - сайлау конференциясында бірлестік президенті мен басқарма мүшелерінің жаңа құрамы сайланды.

Клуб президенті ретінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі, белгілі медиаменеджер Бибігүл Жексенбай кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ерлан Бекхожин президенттіктен ұйымның жарғысына сәйкес, өкілеттілігінің мерзімі аяқталуына байланысты босатылды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Бас редакторлар клубының мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлады.

Олардың ішінде – "Әділет.Рухани жаңғыру" республикалық газеттің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин, "Sakhara"  республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Кенжеболат Жолдыбай, "Казахстанская правда" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Вячеслав Пащенко, "Sport"-"Спорт" республикалық газетінің бас редакторы Дүйсебай Дүрәлі, белгілі блогер Ғалым Байтұқ бар.
Өзгелердің жаңалығы