Бас жаңалықтар
Бас прокуратураның қазақстандықтарға үндеуі
08 Мамыр 2019, 11:35 463

Бас прокуратураның қазақстандықтарға үндеуі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібіне сәйкес үндеу жариялады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

"Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ағымдағы жылдың 9 мамырында заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде.

Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын.

Алайда а.ж. 1 мамырда кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын түсіндіргенін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді.

Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз.

Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады", - делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық