Бас жаңалықтар
Бас прокуратура шерулерге қатысты түсініктеме берді
12 Маусым 2019, 09:59 184

Бас прокуратура шерулерге қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас прокуратурасы шерулерге қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бас прокуратура елімізде заңсыз жария акцияларға жол берілмейтіндігі туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Алайда, жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасады. Жүргіншілердің, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Осыған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдады», - делінген хабарламада. 

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, арнайы құралдар қолданылғанмаған. Құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 

«Заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстық кодексінің 400 және 405-баптарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Сізден жаңалық