Бас прокуратура бірнеше қылмыстық топты анықтады

19 Ақпан 2019, 10:36
2211
Бөлісу:
Бас прокуратура бірнеше қылмыстық топты анықтады

Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасаған бірнеше қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

"Аталған адамдар Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі тартқан "Bank RBK" және "Казкоммерцбанк" АҚ-да ұрлық туралы қылмыстық істер бойынша куәгерлер мен күдіктілерден оларды қылмыстық жауаптылықтан босату үшін ақша қаражатын алдау жолымен бопсалаған" - делінген хабарламада.

16 ақпанда 315 мың доллар алғаны үшін Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Әлімбетов пен азаматша Аманғалиева ұсталса, қаңтарда талап еткен 1 млн доллардың 500 мыңын өздері алған Алматы қаласының МКД-нің ЭТТҚ-нің қызметкері Искаков пен жұмыссыз Сүлейменов қамауға алынған. 

Жоғарыда аталған адамдардың бәрі жасаған істері үшін кінәсін мойындады, олар өз әрекеттерін тез баю ниеті болғанымен түсіндіреді.

Егер Сізден прокуратура органдары тергейтін істер бойынша ақша қаражатын талап ететін болса, онда Сіз Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментіне келесі телефондар бойынша хабарласа аласыз: 8(7172)71-22-55, +7-701-770-88-99, жария болмайтынына кепілдік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы