Бас мүфти: Медицина қызметкерлері – халықтың нағыз батыры

3 Шілде 2020, 10:04
1572
Бөлісу:
Бас мүфти: Медицина қызметкерлері – халықтың нағыз батыры

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медицина қызметкерлері – халықтың нағыз батыры, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн брифинг барысында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұл - Алланың берген сынағы. Сынаққа сабыр етейік, қолымыздан келгенше адам өміріне жақсылық жасайық. ҚМДБ атынан, өз атымнан медицина саласының мамандарына рақмет айтқым келеді. Сіздер - қазіргі кезде нағыз халықтың батырысыздар. Өз өмірлеріңізді шүберекке түйіп, халқымызды аман сақтауға үлкен үлес қосып жатырсыздар. Алла сіздерді індеттен, ауру-сырқаудан сақтасын, - деп батасын берді ол. 

Бас мүфти Денсаулық сақтау министрлігінің де жұмысын атап өтті. 

Министрлік күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Алла қызметтеріңізге жар болсын. Сынақ кезінде халқымызды аман-есен алып шығуға нәсіп етсін. Сынаққа сабыр ету, шыдамдылықпен, төзімділікпен, адамдарға жақсылық жасап, дұға ету  керек, - деді ол. 

Наурызбай қажы жалған ақпарат тарататындар туралы да айтып өтті. 

Кейбір ақпарат құралдарында әркім білместіктен, көз қайнарының қаншалықты шынайы, жалған екенін білмей таратып, адамдарға үрей салып жатыр. Осыны да байқайық. Барынша таза, сенімді ақпаратты таратайық. Адамның ішкі сенімі мықты болса, кез келген дертті жеңіп шыға алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы