Бас мүфти Каирде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

18 Наурыз 2021, 23:30
1284
Бөлісу:
Бас мүфти Каирде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өткен Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің кезекті халықаралық конференциясы аясында Сауд Арабия Корольдігінің Шура кеңесінің мүшесі Һәзза әл-Кәһтанимен кездесті.

Кездесуде Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің ұйымдастыруымен өткен «Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты халықаралық конференцияда көтерілген мәселелер талқынды.

Тараптар діни татулық пен келісімді нығайтудың маңыздылығы жайында пікір алмасып, осы бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы